AIBAT қорытынды жаңалықтар | 11.04.2022

Жамбыл облысы, Мерке ауданы, «Аңдас батыр» әскери заставасынан ізім-қайым жоғалып кеткен қатардағы жауынгер Ұлықбек Бердішовтың денесі табылды. Небәрі 19 жастағы жігіт бір үйдің үлкені, бір үйдің үміті еді. Артында аңыраған анасы, 39 күн бойы үмітін бір үзбей күткен әкесі қалды. Қайғылы оқиғаның жай-жапсарын баяндау үшін бізбен Тараздан тікелей байланысқа әріптесіміз Данияр Әлімқұл шығады.

Қаңтар қақтығысы кезінде қамауға алынып, тергеліп жатқандардың жақындары әділдік іздеп, Президенттен көмек сұрауда. Айтуларынша, полицейлер күдіктілерді азаптап, істемеген қылмысты мойындарына ілген.

Қарағандыда жаңа туған сәбидің өлі денесін пакетке орап, қоқысқа тастап кеткен безбүйрек ана іздестірілуде. Айта кетсек, демалыс күндері полиция бөліміне 26 жастағы тұрғын хабарласып, сенбілік кезінде тастанды шақалақтың мәйітін тауып алғанын айтқан.

Дүйсенбі, 11 Сәуір 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар