Сенат атышулы кибербуллинг туралы заң жобасын қабылдамай, Мәжіліске кері қайтарды. Депутаттарға құжаттағы «Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өз қалауынша кез келген әлеуметтік желіні 24 сағат ішінде бұғаттай алады» деген тұсы күмәнді көрініпті. Енді олар кибербуллингке қатысты ата-аналардан келіп түскен өтініштерді мемлекеттік орган емес, арнайы сарапшылар тобы қарауы тиіс деп ұсынды. Еске салайық, қоғам белсенділері жарты жылдан бері құзырлы органдар осы құжатты желеу етіп цензураны күшейтіп, әлеуметтік желіні бақылауда ұстамақ деп қарсылық білдіріп еді.
Четверг, 14 апреля 2022, 19:09
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.