AIBAT қорытынды жаңалықтар | 15.04.2022

Қазақстан ресейлік СБЕР-мен «цифрлық үкімет құру» туралы келісімнен бас тартуы мүмкін. Бұл жөнінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбакин хабарлады. 

Елде азық-түлік қана емес, ішетін ауыз-суға дейін күннен күнге қымбаттап барады. Бөтелкедегі бір литр су дүкендерде 300 теңгеден сатылып жатыр. Әріптесім Айя Мүтәлі бүгін ірі сауда орнын аралап, ырыққа көнбей тұрған азық-түлік бағасын біліп қайтты.

Тараздағы бір топ темір қабылдаушылар Президенттен көмек сұрады. Себеп, Үкімет сәуір айының соңында «қара металды» шетелге шығаруды шектемек. Темір-терсекті экспортқа шығармаудың салдарынан мыңдаған адам жұмыссыз қалады дейді наразы топ. Айтуларынша, бұл бастама белгілі бір топтардың мүддесі үшін жасалып отыр. Данияр Әлімқұл тақырыпты тарқатады.

Жұма, 15 Сәуір 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар