Қазақстан Конституциясына президенттің туыс-жақынына саяси қызметте жұмыс істеуіне тыйым салу жайлы өзгеріс енбекші. Әділет министрі Қанат Мусин ол қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туыстарына да қолданылатынын айтты. Заң бойынша, президенттің жақын туысына ата-анасы, балалары, асырап алушысы, асырап алынғаны, туған және немере бауырлары мен әпке-қарындасы, атасы, әжесі, немересі жатады. Бұған қоса, жемқорлыққа қарсы заңға сай, қайын жұрты жағынан, яғни әйелінің жақын туыстары да оның жақыны саналады. Сондай-ақ, заңға өзгеріс енгізілсе, мемлекет басшысының жақындары «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек» секілді ұлттық компанияларды да басқара алмайды.
Ресей әскері Украинаға басып кіргелі 2,5-3 мыңдай украиналық сарбаз мерт болды. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді. Оның айтуынша, Ресей Украинаның шығысындағы қалаларды жермен жексен етпек. Және де ел билігі Киев маңында 900-дей бейбіт тұрғынның мәйіті анықталды дейді. Жансая Қапасқызы толығырақ тарқатады.
20 млн теңгеге жатақхана шатырын ауыстырған Шымкент әкімдігі тұрғындардың алғысын емес, қарғысын алды. Себебі сапасыз шатырдан су сорғалап, азаматтар керісінше пәтерлерін жөндеуге мәжбүр. Ең сорақысы, осы сапасыз жасалған шатыр үшін тұрғындар алдағы 10 жыл бойы, ай сайын ақша төлеуге міндетті.
Понедельник, 18 апреля 2022, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.