AIBAT қорытынды жаңалықтар | 19.04.2022

Қаңтар оқиғасында нысандары қирап, мүліктері ұрланған кәсіпкерлердің 90% астамының шығыны орнына келтірілді. Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықовтың есебі осындай. Айтуынша, шағын және орта бизнестің 1630 субъектісі зардап шеккен. Оларға шамаман 38 млрд 600 млн теңге залал келтірілген.

Алматыда біліктілік тестін тапсыру кезінде мұғалімнің қайтыс болуы оқиғасынан кейін де Білім және ғылым министрлігі ұстаздарды аттестаттауды тоқтатпаймыз дейді. Ал зейнет жасына таяған педагогтер мазмұны жоқ тестілеудің қажеті жоқ деп отыр. Әріптесіміз Айя Мүтәлі тарқатады.

Түркістан облысының жол бойында адам сүйектері шашылып жатыр. Әкімдікке талай рет айтқанымен қайыр таппадық деген тұрғындар, жер үстіне шығып қалған адам қаңқаларын көруге де көз үйренді дейді.

Вторник, 19 апреля 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар