«Қаза тапты деп мойындау ұсынылды»: Қорғаныс министрі Жамбылдағы жарылыста жоғалған сарбаз жөнінде жауап берді

Қорғаныс министрі Жамбылдағы жарылыста жоғалған әскеридің денесі отқа жанып, түгі қалмауы мүмкін, сондықтан оны қаза тапты деп мойындау ұсынылғанын айтты. Не өлі, не тірі екені белгісіз сарбаз Бауыржан Дәуітбаевты іздестіру жұмыстары қыс бойы жүргізілмеген, тоқтап тұр. Министр күлі көкке ұшқан аумақтың топырағында Дәуітбаевтың денесінің қалдықтары бар-жоғын тексеру үшін қаржы мен уақыт қажет екенін айтты.  Ал 8 айдан бері хабарсыз кеткен Бауыржан Дәуітбаевтың туыстары министрліктің бұл ұстанымымен келіспейді. Олар әскери сарбаздың тірі екеніне сенімді.

Сәрсенбі, 20 Сәуір 2022, 19:21

Соңғы шығарылымдар