AIBAT қорытынды жаңалықтар | 20.04.2022

Түркістан облысында адам сүйектері жол бойында шашылып жатыр. Әкімдіктен жауап болмағанын айтқан тұрғындар, жер үстіне шығып қалған адам қаңқаларын көруге көз де үйренді дейді.

Қаржы пирамидасына алданып, елордада өзін-өзі өртеген әйел ауруханада есін жинады. Бағила Досмойылова мұндай халге түскеніне вайнерлерді емес, полицейлерді кінәлап отыр. Қаржы мен қайғы ұштасқан жағдайдың жай-жапсарын Айя Мүтәлі тарқатады.

Бір топ азамат «Ashyq» бағдарламасын әзірлеушілер мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін сотқа берген. Пандемия кезінде ерекше сұранысқа ие болған қосымшаның айналасында қандай былық бар? Жауаптылар не дейді? Айбек Қосан біліп көрді.

Сәрсенбі, 20 Сәуір 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар