26 сәуірде AMANAT партиясының кезектен тыс съезі өтеді. 18-ші съезді билік партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев шақырды. Атқарушы хатшы Асхат Ораловтың мәліметінше, жиынға барлық өңірден делегаттар қатысады. Съезд онлайн форматта өтеді. Шара барысында ADAL саяси партиясының AMANAT-қа қосылу мәселесі де қаралады.
Украинадағы соғыс салдарынан әлемдегі миллиондаған адамға ашаршылық қаупі төніп тұр. Бұл туралы Дүниежүзілік банк басшысы Дэвид Малпасс мәлімдеді. Әлем экономикасы тығырықтан шығы ала ма? Әріптесіміз Жансая Қапасқызы сараптап көрді.
Қарағандыда емханаға қолы сынып келген науқас дәрігерді сабап тастады. Ақ халаттыны аяусыз соққыға жығу оқиғасын енді полицейлер тексереді. Ақ халаттылар кейінгі кезде дәрігерлерге жұдырық ала жүгіретіндердің қатары көбейіп кеткенін айтып отыр.
Четверг, 21 апреля 2022, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.