Назарбаев зияткерлік мектептеріне 1 жылға 35 млрд теңге қаражат бөлінген. Ақпарат мемлекеттік сатып алулар порталында жарияланған. Тендерлер сайтында 35 млрд 442 млн 720 мың теңгеге оқушыларды 3 мезгіл, ал жатақханада тұратындарын 5 мезгіл тамақтандыру көзделгені айтылған. Бұл ЖОО бюджетінен де көп. Білім және ғылым министрлігі НЗМ біздің ведомствоға қарамайды, тиісінше бағынбайды деп құтылды. Ал Назарбаев мектептерінің Қамқоршылық кеңесі тізімінде отанға опасыздық жасады деп айыпталған Кәрім Мәсімов пен экс-пермьер Асқар Маминнің аты-жөні тұр.
Пятница, 22 апреля 2022, 19:42
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.