Бүгін Алматы қалалық мәслихаттың депутаты, бизнесмен Қайрат Құдайберген ұсталды. Ол қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікке ілінді. Қайрат Құдайбергеннің «Дикий Арманға» қандай қатысы бар, прокуратура қандай ақпарат таратты? Толығырақ әріптесіміз Айбек Қосан тарқатады.
Оңтүстік Кореяға жұмыс істеуге кеткен отандасымыз өлі табылды. 39 жастағы Батыр Оразовтың мәйітін Канвандо қаласындағы пәтерден тауып алған. Алдын ала болжам бойынша, жүрек талмасынан қайтыс болған марқұмның денесі 4 күннен кейін табылған.
Әлеуметтік желіде блогер сатқан «қасиетті» қызыл жіп қызу талқыланып жатыр. Белсенділердің бір тобы аңқау елді алдағандар жауапқа тартылсын дейді. Ал енді бірі, керісінше, кәдімгі қызыл жіптен миллиондап табыс тауып отырған блогерді ақтап, соны сатып алған әйелдердің өзін айыптайды. Айя Мүтәлі қызыл жіптен қанша пайда табуға болатынын есептеп, блогерлермен тілдесті.
Пятница, 22 апреля 2022, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.