AIBAT қорытынды жаңалықтар | 25.04.2022

Бейбіт күнде сарбаздарымыз қайтыс болмауы тиіс. Отан қорғауға аттанып, ал он күннен кейін қайтыс болған сарбаз Әлібек Қалбайдың  жақындарына Президент көңіл айтты және құзырлы органдарға жауынгер өлімінің нақты себебін анықтауды тапсырды. Дегенмен Қорғаныс министрлігі өрімдей жас сарбаздың ажалы неден болғанын айтып үлгерді. Әріптесіміз Аягөз Тұрсынбай толықтырсын.

Қаңтар оқиғасы кезінде әкімдіктерді басып алу үшін арнайы топтар құрылып, оларға тиісті тапсырма берілген. Қантөгіске ұласқан шерулерге қатысты бес мыңнан астам қылмыстық іс тергелген. Бүгін  құзырлы органдар кезекті рет есеп берді.

Түркістан облысында 5 ауылды сел басып, 200-ден аса мал қырылып қалды. Көз жасы көл болған халық, апаттан әрең дегенде аман шықтық дейді. Айтуларынша,  селдің астында қалған ел тек бір-бірін демеп аман қалған. Әріптесіміз Назерке Үкібасова толығырақ тарқатады.

Дүйсенбі, 25 Сәуір 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар