БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш бүгін Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі. Шұғыл кездесуге Ресей Сыртқы істер министрінің ядролық соғыс қаупі бар деп мәлімдеуі себеп. Сергей Лавров Украина басшысы Владимир Зеленскийді келіссөз жүргізбей отыр деп айыптап, Үшінші дүниежүзілік соғыс болмайды деп үміттенетінін айтты. Алайда оның украиналық әріптесі Дмитрий Кулеба Лавров Украинаға қолдау білдірген елдерге осылай сес көрсетпек дейді. Киев Мәскеудің өзін келіссөздің орнына соғысты таңдады деп айыптап отыр.
Вторник, 26 апреля 2022, 19:39
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.