Маңғыстау мен Түркістан елдегі кедей өңірлердің көшін бастады

Еліміздегі күнкөрісі төмен өңірлердің тізімі белгілі болды. Кедейшіліктің кебін киіп отырған облыстардың көшін Маңғыстау мен Түркістан облыстары бастап тұр. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, өткен жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі орта есеппен айына 37 266 теңге болды. Міне, осындай табысқа күнелтіп отырған халықтың үлесі 5,2 пайыз. Маңғыстау мен Түркістан облыстарынан бөлек Атырау, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Ақмола, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстары тұрғындарының да шалқып өмір сүріп жатқаны шамалы. Республика бойынша кедейлер ең аз тұратын өңір – ел астанасы Нұр-Сұлтан.

Сейсенбі, 26 Сәуір 2022, 19:37

Соңғы шығарылымдар