Қасым-Жомарт Тоқаев енді «AMANAT» партиясының төрағасы емес. Бұл туралы Президент елордада өткен съезде айтты. Мемлекет басшысы «Жаңа Қазақстан» атауының мәнін де түсіндіріп берді. Партия съезінде тағы қандай жаңалықтар айтылды? Әріптесіміз Жалғас Зейнолла әңгімелеп берсін.
«Шымкентте «7-20-25» бағдарламасымен арзан үй алмақ болған шенеуніктер жауапқа тартылады, себебі баспана байқауы заңсыз ұйымдастырылған»,- осылай деп ақталған қала басшылығы бүгін әкімдікке жиналған жұртты сабырға шақырды. Назерке Үкібасова даулы мәселенің мән-жайын анықтады.
Қазақстанда газ бағасы қымбаттайды. Энергетика министрі Болат Ақшолақов таяуда елде көгілдір отын тапшылығы сезіліп, баға екі есеге дейін өсетінін айтты. Халықтың қалтасына салмақ түсірмес үшін министрлік қазір өндірістік кәсіпорындар мен тұрғындарға жеке-жеке тариф бекітуді көздеп отыр.
Вторник, 26 апреля 2022, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.