AIBAT қорытынды жаңалықтар | 27.04.2022

Конституцияға өзгерістер енгізіліп, «Тұңғыш президент» заңы күшін жояды. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ата заңнан «Елбасы» деген сөз мүлдем алынып тасталатынын айтты. «Назарбаевтың – тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы деген тарихи рөлі ғана Конституцияда қалады», –  деді төраға.

 «Алтай Полиметалл» тау-кен байыту комбинатының жұмысшылары  кеше таң сәріден түнге дейін компания ғимаратының алдына жиналып, наразылықтарын білдірді. Айтуларынша, басшылық қаңтардан бері 150 адамды еш себепсіз қысқартқан. Тіпті, өтемақы да төлмеген. Ол аздай,  қыс ортасында қызметтік үйлерінен бала-шағасымен қуып шыққан.

Таксиге бақылау күшеймек. Әділет министрлігі рұқсаты жоқ таксилердің айыппұлын өсіріп, көліктерін айып тұрағына қоюға рұқсат беретін өзгерістер енгізбекші. Заңдағы бұл өзгерістер жыл соңына дейін күшіне енуі мүмкін. Бұған қатысты такси жүргізушілерінің пікірі қандай? Жолаушыны заңды түрде тасу үшін не істеу керек? Әріптесіміз Аягөз Тұрсынбай біліп көрді.

Сәрсенбі, 27 Сәуір 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар