Украинада бейбіт тұрғындардың өліміне қатысты жіті тергеу жүргізіліп, кінәлілер жауапқа тартылуы тиіс. Украинаға барған Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш осылай деді. Бородянка және Буча елді мекендерін аралаған ол бүгін ел президенті Владимир Зеленскиймен кездеседі. Бұған дейін бас хатшы Владимир Путинмен кездесіп, Мариупольдегі «Азовсталь» зауытында жасырынған адамдарды эвакуациялау туралы келісімге келген. Алайда «Азов» полкінің өкілі ресейліктер зауытты атқылап, тыйым салынған фосфорлы бомбалар тастады дейді.
Четверг, 28 апреля 2022, 19:35
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.