Нұр-Сұлтанда автокран тізгіншісі жүкті мөлшерінен артық көтеремін деп көпқабатты үйдің терезесін қиратты. Оқыс оқиға кезінде үйде кішкентай балалар болған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнынан әріптесіміз Аягөз Тұрсынбай тарқатады.
Қоғам белсенділері мен депутаттар ресейлік журналист Тигран Кеосаянның дау тудырған мәлімдемесіне жауап қайтарды. Мемлекет пен ел тұрғындарына ашық түрде сес көрсеткен режиссерді олар «арандатушы» деп айыптады. Ал өзге саясаттанушылар ұлтаралық араздық тудырмақ болған Ресей азаматын қылмыстық жауапқа тарту қажет дейді. Әріптесіміз Айя Мүтәлі тарқатады.
Елде кедейлер саны артады. Себебі, халықтың табысын есептеу жүйесі өзгермек. Бұл жайында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді. Елімізде жұмыссыздардың нақты саны қанша? Үкімет елдің жағдайын қалай көтермекші? Жалғас Зейнолла жеткізеді.
Четверг, 28 апреля 2022, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.