Шымкентте мүмкіндігі шектеулі жандар әкімдікте шу шығарды. Мемлекеттік бағдарламамен үй алу үшін 10 жыл бұрын кезекке тұрған, бірақ кезегі мүлдем жылжымай қойыпты. Сөздерінше, осыдан бір апта бұрын дау шыққан тұрғын үй басқармасында былық көп.
Елімізде парақорлар көбейіп келеді. Өткен жылғымен салыстырғанда статистика күрт нашарлаған. Тек жыл басынан бері 725 қылмыстық іс тіркеліпті. Қызметін асыра пайдалану мен алаяқтық жасау да көп. Әсіресе Алматы облысы жемқорлық бойынша көш басында тұр.
Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша жалпыұлттық референдум өтеді. Бұл тәуелсіз Қазақстан тарихындағы үшінші референдум. Тоқаев өз ұсынысында бұл демократияның айқын көрінісі екенін жеткізді. Бұған дейінгі екі жалпыұлттық референдум да 1995 жылы өткізілген.
Пятница, 29 апреля 2022, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.