Қытай: күніне 50 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталып жатыр 

Қытайдың Шанхай қаласында коронавирустан қайтыс болды деген қарттар үйінің тұрғыны тірі болып шықты. Жұмысшылар оны қайтыс болды деп ойлап, қара қапқа салып мәйітханаға апара жатқанда қарияның демалып жатқанын байқаған. Қазір ол ауруханада емделіп жатыр. Осы оқиғадан соң мекеменің директоры мен 4 шенеунік қызметінен босатылды. Жалпы 25 миллион тұрғыны бар Шанхайда алты аптаға созылған карантин шаралары 16 ауданның бесеуінде жеңілдетіле бастады. Бір айдан астам үйде отырған тұрғындарға далаға шығуға рұқсат етілді. Ал ел астанасы Бейжіңде керісінше, вирус өршіп келеді. Сондықтан, адамдар жаппай тестілеуден өтіп, қоғамдық орындар жабылып жатыр.

Вторник, 03 мая 2022, 19:43

Соңғы шығарылымдар