AIBAT қорытынды жаңалықтар | 03.05.2022

Шымкентте карьер шұңқырындағы суға шомылмақ болған жасөспірім көз жұмды. Суға батып кеткен 15 жастағы баланың денесін құтқарушылар алып шықты. Алдын ала болжам бойынша, жеткіншек шұңқырға шомылу үшін барған. Карьердің тереңдігі екі метрге жетеді екен. Полицейлер «адам өлімі» бабы бойынша қылмыстық іс тіркеп, тергеуді бастады.

Президенттің тікелей тапсырмасынан соң тексеріс жүргізілген кеден саласында жүздеген млрд теңге шығын келтірген заңсыздықтар анықталды. Тексеру барысында салықтан жалтару, тауар декларациясын қате көрсету фактілері анықталды. Мәселен, бір ғана Қытаймен шекаралас кеден бекетінде 367 жағдай тіркелген. Уәкілетті орган өкілдері бизнесмендердің салықтан жалтаруына көмектесіп, соңғы 2 жылда 221 млрд теңгеге шот фактураларды қолдан жасап беріп отырған.

Өткен төрт айда салонда тұрған су жаңа көліктердің құны кемі бір миллион теңгеге қымбаттаған. Автомобиль бағасының көтерілуіне не себеп? Қарапайым халықтың қалтасы көтереді-ау деген көліктердің өзі қолжетімсіз болып кетпеді ме? Әріптесіміз Айбек Қосан біліп көрді.

Сейсенбі, 03 Мамыр 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар