Еуропалық Одақ Ресейге қарсы санкциялардың алтыншы толқынын жарияламақ. Атап айтсақ, ресейлік үш банк әлем бойынша ақша аударуға қажет «свифт» жүйесінен ажыратылады. Оның ішінде «Сбербанк» бар. Сондай-ақ, Ресейдің мұнай тасымалына шектеу қойылып, Мариуполь мен Бучада әскери қылмыс жасады деген шенділер санкцияға ұшырамақ. Бұдан бөлек, Еуропа аумағында жалған ақпарат таратты деген себеппен Ресейдің мемлекеттік 3 арнасының қызметі тоқтатылады.
Среда, 04 мая 2022, 19:31
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.