Еуропалық Одақ Ресейге қарсы санкцияларды тағы күшейтеді

Еуропалық Одақ Ресейге қарсы санкциялардың алтыншы толқынын жарияламақ. Атап айтсақ, ресейлік үш банк әлем бойынша ақша аударуға қажет «свифт» жүйесінен ажыратылады. Оның ішінде «Сбербанк» бар. Сондай-ақ, Ресейдің мұнай тасымалына шектеу қойылып, Мариуполь мен Бучада әскери қылмыс жасады деген шенділер санкцияға ұшырамақ. Бұдан бөлек, Еуропа аумағында жалған ақпарат таратты деген себеппен Ресейдің мемлекеттік 3 арнасының қызметі тоқтатылады.

Сәрсенбі, 04 Мамыр 2022, 19:31

Соңғы шығарылымдар