Қазақстанда 3 жаңа облыс ресми түрде құрылды

Президент Жолдауында айтылған жаңа облыстар ресми түрде құрылды. Еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымына қатысты Тоқаевтың жарлығы бүгін жарияланды. Оған сәйкес Алматы облысының орталығы Қонав қаласына көшіріліп, Талдықорған Жетісу аймағының орталығы болды. Бұдан бөлек жаңа облыстың құрамына тағы 1 қала мен 8 аудан кірді. Дәл осылай Шығыс-Қазақстан облысынан да 8 аудан мен 2 қала Абай облысының құрамына өтті. Орталығы – Семей қаласы. Ал Қарағанды құрамынан 2 аудан мен 3 қала Ұлытау облысына берілді. Орталығы – Жезқазған. Жарлық 8 маусымнан бастап күшіне енеді.

Сәрсенбі, 04 Мамыр 2022, 19:29

Соңғы шығарылымдар