«Жасыл-Ел Тараз» жабдыққа жарымай жүр. Тараздың тазалығына жауапты жұмысшылар қала көшелерін үйлерінен әкелген сыпыртқымен сыпыруға мәжбүр. Жусаннан жасаған сыпырғышқа намыстанған тазалықшылар бұл былықтың бергі жағы дейді. Олар 3 жылдан бері әлеуметтік төлемдерден де қағылған. Әбден ашынған жұмысшылар облыс әкімдігіне басып кірді.
Среда, 04 мая 2022, 19:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.