AIBAT қорытынды жаңалықтар | 04.05.2022

Айдос Сарымның отырған орнынан су шықты ма? Елдің наразылығын туғызған әлеуметтік желіні бұғаттауға мүмкіндік беретін заң жобасын ұсынған депутаттың Мәжілістегі ауыс-түйісіне қатысты спикер Ерлан Қошанов осындай әзіл айтты. Енді мәжілісмен Айдос Сарым Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің құрамында.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің сөзінше, аймақтарды толығымен ғаламторға қосу үшін бюджеттен тағы жүздеген миллиард бөлуге тура келеді. Ал интернеттің сапасыздығынан ел тұрғындары электронды құжаттарды пайдалана алмай отыр. Айя Мүтәлі тарқатады.

Атышулы Mudarabah Capital салымшылары тағы да шу шығарды. Бұл жолы қаржы пирамидасына алданғандар тергеудің Алматыда емес, Нұр-Сұлтанда жүргізілуін талап етуде. Себебі олар Алматы қалалық полиция департаментінің басшылары істі жылы жауып қоймақ – деп күдіктенеді. Наразы топтың уәжін әріптесіміз Аягөз Тұрсынбай тыңдап қайтқан еді.

Сәрсенбі, 04 Мамыр 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар