Не терезесі, не есігі жоқ – Қаратау қаласында 9 қабатты екі үй қиын жағдайда тұр

Қаратау қаласындағы 9 қабатты қос үйдің тұрғындары үйіміз үйіндіге айнала ма деп қорқады. Айтуларынша, үйдің шатыры тесіліп,  жертөлесі өлексе тастайтын орынға айналған. Коммуналдық жүйесі әбден тозып, жылу құбырлары істен шыққан. Жөндеу көрмегендіктен кей тұрғындар баспанасын тастап кеткен. Олардың қараусыз пәтерлерінен аққан су астыңғы қабаттарды бүлдірген. Ал істемейтін лифт шахтасына балалар құлап кетпесін деп аузын бітеп тастаған. Бұқараның басым бөлігі зейнеткерлер мен мүгедектер. Олар біз қоғамға қажетсіз адамдар болдық деп өкпелі.

Бейсенбі, 05 Мамыр 2022, 19:28

Соңғы шығарылымдар