AIBAT қорытынды жаңалықтар | 05.05.2022

Сыртқы істер министрлігі Ресей журналисі Тигран Кеосаянның Қазақстанға келуіне тыйым салу бойынша процесті бастады. Бұл жайында министрліктің ресми өкілі Айбек Смадьяров айтты. Кеосаян бұған дейін өз бағдарламасында Қазақстанның тәуелсіздігіне қауіп төндіретін мәлімдемелер жасаған. Нақтырақ айтсақ, 24 сәуірде ол «қазақстандықтар, Украинадағы жағдайды жіті бақылап, сабақ алыңдар. Ал Ресей билігі Қазақстанмен қарым-қатынасты қайта қарауы тиіс» деген болатын.

Шымкентте қаржы басқармасының бұрынғы басшысына қатысты сот үкімі шықты.  Кенжебек Жанбосынов мемлекетке 1 млрд теңге шығын келтірді деп күдікке ілінген еді. Сот үкімін естіген экс-шенді бетін басып, отырған орнынан тұра алмай қалды. Назерке Үкібасова үкімді бірге тыңдаған еді.

Утилизация алымының жаңа мөлшері 14 мамырдан күшіне енеді. Құжат Әділет министрлігінде 3 мамырда бекітілген. Заңға сәйкес баспасөзде жарияланған уақыттан 10 күн өткен соң қолданысқа енуі тиіс. Алым қозғалтқыш көлеміне байланысты есептеледі.

Бейсенбі, 05 Мамыр 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар