Жамбылда қаңтар қақтығысы кезінде қолды болған қару-жарақтар табылды

Таразда ескі кәріз жүйесінің шұңқырынан қаңтар қақтығысы кезінде қолды болған 20 қару, 3 граната және түрлі калибрлі 360-тан астам патрон табылды. Айта кетейік, қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде Полиция департаментінің қару қоймасынан жалпы саны 800 қару мен мыңдаған дана оқдәрі ұрланған. Бүгінде тек 300-ге тартасы тәркіленсе, 400-ден астам қару әлі  табылмай жатыр

Жұма, 06 Мамыр 2022, 19:13

Соңғы шығарылымдар