AIBAT қорытынды жаңалықтар | 06.05.2022

Референдумда 11 млн-нан астам қазақстандық дауыс бере алады. Орталық сайлау комиссиясы бүгіннен бастап үгіт-насихат жұмыстарын бастады. Бүгін үгіт-насихат жұмыстарын бастап кеткен  Орталық сайлау комиссиясы жалпыхалықтық науқанның өту тәртібін түсіндірді. Толығырақ Айя Мүтәлі тарқатады.

Жаңаөзен бұл жолы шудан емес, судан құтыла алмай отыр. Кеше басталып, бүгін тоқтаған жауыннан Кендірлі, Рахат ауылдарын су басты. Барлығы 17 аула учаскесі, 4 көше, 3 мектеп пен 1 балабақша судың ортасында қалған.

Әскерге барғанына 5 күн өтпей жатып, тағы бір сарбаз өзіне қол салмақ болды. Оқиға Шымкенттегі әскери бөлімде болған. Отан алдындағы борышын өтеуге барған жігіттің анасы ұлының мұндай қадамға өздігінен барғанына сенбейді.

Жұма, 06 Мамыр 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар