Шымкентте шенеуніктер төбелесіп, бірі ес-түссіз ауруханаға түсті. Қазір оқиғаға қатысты тергеу басталды. Демалыс орнының алдында сөзге келген екеудің текетіресі сол жердегі видеокамераға түсіп қалып, кейін ол әлеуметтік желіде тарап кетті. Белгілі болғандай, экономикалық тергеу департаментінің қызметкері бірінші болып жұдырық жұмсаған. Бірақ оның соңында таяқ жеп, қазір Шымкенттегі ауруханада ес-түссіз жатқанын Денсаулық сақтау басқармасы растады. Ал, оның басшысының жұмыстан шеттетілгенін Қаржы мониторингі агенттігі мәлімдеді. Қазір бұл іске қатысты полиция департаменті тергеу жүргізуде.
Среда, 11 мая 2022, 19:50
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.