AIBAT қорытынды жаңалықтар | 11.05.2022

Нұр-Сұлтанда 8-ші қабаттың терезесінен құлап кете жаздаған үш жасар сәбиді көршісі құтқарып қалды. Жанын шүберекке байлап, өз өмірін қатерге тіккен ер азаматты Төтенше жағдайлар министрлігі бұл ерлігі үшін марапаттады. Әлеуметтік желіні шулатқан оқиғаның мән-жайын әріптесіміз Аягөз Тұрсынбай біліп көрді.

Қарағандыда 3 бүлдіршін отырған экстремалды аттракцион ең биік нүктесіне келгенде тоқтап қалды. Қатты жылдамдықпен келе жатқан вагоннның бір тетігі істен шығып, балалар жазым бола жаздады.  Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Демалушылардың өміріне қатер төндірген аттракционның жұмысы уақытша тоқтатылды.

Шу вокзалында полицейлерге шабуыл жасалды. Оқиғадан кейін сақшыларды сабаған 8 адам қамауға алынды. Оның екеуі қыз. Вокзал алдындағы бұзақылыққа белсенді қатысқан бір күдіктіге іздеу жарияланды. Ал соққының астында қалған полицейлердің жағдайы мен жанжалдың шығуына не себеп болғанын әріптесіміз Данияр Әлімқұл анықтап көрді.

Сәрсенбі, 11 Мамыр 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар