Солтүстік Корея ресми түрде елде коронавирус жұқтыру фактісін тіркеді

Коронавирус Солтүстік Кореяға жетті. Елде екі жыл дегенде алғаш рет инфекцияны жұқтыру оқиғалары тіркелген. Осыдан кейін, ел билігі қатаң локдаун жариялады. Алайда вирустың қанша адамнан анықталғаны айтылмайды. Мамандардың болжамынша, індеттің таралуы 26 миллион халқы бар мемлекетке қиынға соғуы мүмкін. Себебі елде вакцинация мүлдем жүргізілмеген. Үкімет пандемия кезінде шет мемлекеттердің тегін екпесін алудан бас тартқан еді. Сарапшылар Пхеньян елде «ковидтің» барын мойындау арқылы сырттан көмек сұрап отыр деп пайымдайды.

Четверг, 12 мая 2022, 19:40

Соңғы шығарылымдар