AIBAT қорытынды жаңалықтар | 12.05.2022

Жамбылда жаға ұстатқан сұмдық жағдай болды. Шу ауданында 9 жастағы жеткіншекке 30 жастағы ер адамның азғындық жасап келгені анықталды.  Ол өзінен 21 жас кіші баланы бір жыл бойы зорлап келіпті. Бастауыш сыныптың баласына қастық қылып келген 30 жастағы күдікті қазір қамауға алынып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Таразда көліктерін айыптұраққа алып кеткен жүргізушілер шу шығарды. Наразы топ көліктері Ресейде тіркелгендіктен, екі айдан бері айыптұрақтан ала алмай жүр.  Жүргізушілердің жанайқайын Данияр Әлімқұл тыңдап қайтты.

400-ге жуық мемлекеттік қызметкер Үкімет берген үйге кіре алмай сабылып жүр. «Бір айдың ішінде пәтер кілті берілмесе, өз-өзімізді өртейміз» деп шу шығарды. Тұрғын үйіне кіре алмай отырғандар нақты кімдер? Оқиғаның мән-жайын әріптесіміз Айя Мүтәлі айтады.

Бейсенбі, 12 Мамыр 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар