Елімізде айыппұл мен салықтың көлемі көтеріледі. Бұған айлық есептік көрсеткіш сомасының артуы себеп. Президент алдағы екі жылға арналған республика бюджетіне қатысты заңға қол қойды.
Жаңа өзгерістерге сәйкес айлық есептік көрсеткіш — 3180 теңге. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 20 191 теңге, зейнетақының ең төмен мөлшерi – 48 032 теңге. Базалық әлеуметтiк төлемдерді есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы 37 389 теңге болып белгіленді.
Пятница, 13 мая 2022, 19:32
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.