Қазақстанда салық пен айыппұл көлемі өседі 

Елімізде айыппұл мен салықтың көлемі көтеріледі. Бұған айлық есептік көрсеткіш сомасының артуы себеп. Президент алдағы екі жылға арналған республика бюджетіне қатысты заңға қол қойды.

Жаңа өзгерістерге сәйкес айлық есептік көрсеткіш – 3180 теңге. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 20 191 теңге, зейнетақының ең төмен мөлшерi – 48 032 теңге. Базалық әлеуметтiк төлемдерді есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы 37 389 теңге болып белгіленді.

Жұма, 13 Мамыр 2022, 19:32

Соңғы шығарылымдар