Бүгін Украинада алғаш рет әскери қылмыс жасады деп айыпталған ресейлік сарбаз сот алдында жауап берді. Сержант Вадим Шишимаринге көлікте отырған 62 жастағы қарусыз бейбіт тұрғынды атып өлтірді деген айып тағылған. Сот кінәлі деп тапса, ол өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Украина бас прокурорының хабарлауынша, қазір осындай 600-дей күдікті мен 10 мыңнан астам әскери қылмыс оқиғасы тергеліп жатыр. Ал екі ел арасындағы қақтығыс әлі жалғасуда.
Пятница, 13 мая 2022, 19:33
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.