«Қаланың қақ орталығындағы көп қабатты қос үйіміз құлағалы тұр». Осылай деген тараздық тұрғындар үйде тұрып, үйінді астында қаламыз ба деп қорқады. Айтуларынша, Төле би даңғылы бойындағы №8-ші және №4-ші бес қабатты баспаналардың қабырғалары құлап, дәліздерін нәжіс суы басқан. Қандала мен құрт қаптағанын айтқан ел үйлерінің сүрілгенін талап етіп отыр. Данияр Әлімқұл тұрғындар талабын тыңдап келді.
Понедельник, 16 мая 2022, 19:32
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.