AIBAT қорытынды жаңалықтар | 16.05.2022

«Шекарадан есірткі алып өтпек болды» деген күдікке ілініп, Қытай түрмесінде отырған Ақжарқын Тұрлыбай жазасын Қазақстанда өтеуі мүмкін. Бұл туралы отандасымыздың адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов хабарлады. Айтуынша, Ақжарқын сияқты нигериялық есірткі контрабандасының құрбаны болған ресейлік Мария Дапика да биыл еліне экстрадициялауы мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, екеуі 2014 жылы Қытай әуежайында ұсталған болатын.

Бүгін жеңілдетілген автонесие беру басталды деген аты болмаса, іс жүзінде бағдарлама қолданысқа енген жоқ. Автосалондардың алдында ұзын-сонар кезек пайда болып, наразы жұрттың қарасы көбейді. Ұзақ күткен бағдарламаны ұйымдастыру неге нашар? Жаңа көліктер қайда? Әріптесіміз Айбек Қосан біліп көрді.

Қарағандыдағы жоқтаушысы жоқ марқұмдардың зиратында бейіттердің үйілген топырағы шашылып, табыттар көрініп жатыр. Салдарынан айналаны жағымсыз иіс жайлаған. Қабір қазушылар жерді тиісті тереңдікте қазбай, табыттың бетіне топырақты үйе салатынын айтады тұрғындар. Мәселенің мән-жайын өңірдегі тілшіміз біліп көрді.

Дүйсенбі, 16 Мамыр 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар