Түркістандық тұрғыннан Конго-Қырым қанды безгегі анықталды

Түркістан облысында 46 жастағы әйелден Конго-Қырым қанды безгегі анықталды. Алдын ала болжам бойынша Бәйдібек ауданының тұрғынын кене шаққан болуы мүмкін. Аузы-мұрнынан қан кетіп, ауруханаға жеткізілген келіншек бір апта бойы үйінде өз бетінше емделген екен. Алайда ауруы одан әрі асқынып, 16 мамырда ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген.

Сәрсенбі, 18 Мамыр 2022, 19:10

Соңғы шығарылымдар