Елімізде 4300 лифттің тозығы жетіп, адам өміріне қауіп төндіруде

Елде әлі күнге дейін адам өміріне қауіпті, 40 жылдан бері қолданыстағы лифттер бар. Сенат депутаты Есқали Әбідров 4300 жеделсатының кеңес заманынан бері келе жатқанын айтты. Әсіресе, тозығы жеткен лифттер Павлодар, Қарағанды, ШҚО, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында көп. Ал техникалық қызмет көрсететін компанияларды лицензиядан босатқаннан бері қауіпсіздік шаралары сақталмай, компаниялар жүгенсіз кетті дейді. Соның кесірінен жеделсатыдағы апаттық жағдайлар көбейіп, салдарынан соңғы жылдары 8 адам ажал құшқан.

Бейсенбі, 19 Мамыр 2022, 19:46

Соңғы шығарылымдар