AIBAT қорытынды жаңалықтар | 19.05.2022

Алматыда 5 жасар қызын өлтірді деген күдікпен анасы ұсталды. Қазір 19 жастағы күдікті мен ағасы тергеліп жатыр. Қоқыстан мүрдесі табылған 2017 жылғы қыздың анасының айтуынша, баласы сал ауруына шалдыққан және ақыл-есі кем болған.

Елімізде жыл басынан бері көкөністің бағасы едәуір қымбаттаған. Әлі де өсу байқалады. Картоптың бір келісі былтырғыдай 400-500 теңгеге көтеріліп кетуі мүмкін бе? Көкөніс бағасын қолдан қымбаттатындар бар дейді. Бұл қаншалықты рас? Әріптесіміз Айбек Қосан базардағы бағаны салыстырып, сарапшылардың болжамын біліп көрді.

Биыл жазда әлемді коронавирустың алтыншы толқынының жайлау қаупі бар. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының болжамына сүйенсек, оған вирустың жаңа «стелс» штамы себеп болуы мүмкін. Соңғы екі айда вирустың таралуы артқан. Еуропа мен оңтүстік-шығыс Азиядан басқа өңірлерде ауруға шалдыққандар саны соңғы аптада 1 пайызға өскен.

Бейсенбі, 19 Мамыр 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар