Ұлттық қауіпсіздік комитетін реформалау – Тоқаев Жарлыққа қол қойды

Тоқаев қаңтар оқиғасынан кейін, шамамен бес ай өткен соң, Ұлттық қауіпсіздік комитетін реформалау туралы Жарлыққа қол қойды. Комитеттің баспасөз қызметінің мәлімдемесіне сенсек, осы Жарлық негізінде  ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін жетілдіруді көздейтін Қазақстан Республикасы Президентінің 15 Жарлығына түзетулер енгізілді. Қандай өзгерістер енгізілгені нақтыланбаған, Жарлықтың мәтінінде мекемелер қайта ұйымдастырылып, оңтайландырылатыны айтылған. Айта кетейік, қаңтар оқиғасынан кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімов отанға опасыздық жасады деген күдікпен ұсталды. Артынша президент Қасым-Жомарт Тоқаев ведомствоның «қызмет форматын өзгертуді» тапсырған болатын.

Жұма, 20 Мамыр 2022, 19:06

Соңғы шығарылымдар