AIBAT қорытынды жаңалықтар | 20.05.2022

Тоқаев қаңтар оқиғасынан кейін, шамамен бес ай өткен соң, Ұлттық қауіпсіздік комитетін реформалау туралы Жарлыққа қол қойды. Комитеттің баспасөз қызметінің мәлімдемесіне сенсек, осы Жарлық негізінде  ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін жетілдіруді көздейтін Қазақстан Республикасы Президентінің 15 Жарлығына түзетулер енгізілді. Қандай өзгерістер енгізілгені нақтыланбаған, Жарлықтың мәтінінде мекемелер қайта ұйымдастырылып, оңтайландырылатыны айтылған. Айта кетейік, қаңтар оқиғасынан кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімов отанға опасыздық жасады деген күдікпен ұсталды. Артынша президент Қасым-Жомарт Тоқаев ведомствоның «қызмет форматын өзгертуді» тапсырған болатын.

«Қаңтар оқиғасы елде жастарға жағдай жасалмағанын айқын көрсетті». Осылай деген сенат спикері Мәулен Әшімбаев «сапасыз білім мен жұмыссыздық кесірінен жастар әр түрлі діни ағымдардың ырқында кетті» дейді. Ал депутаттар саны көп, сапасы жоқ тұрғын үй және жұмыспен қамту бағдарламаларын әбден сынға алды. Жастар проблемасын Айя Мүтәлі тарқатады.

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы іске қосылғалы су жаңа көліктерді айтпағанда, ескі темір тұлпарлардың да құны шарықтап кетті. Ескі автокөліктердің бағасы неге қымбат? Әріптесіміз Айбек Қосан бұл мәселеге қатысты барлық тарапты тыңдап қайтты.

Жұма, 20 Мамыр 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар