Ауғанстанда әйелдерге салынатын тыйым артты

Ауғанстанда әйелдерге салынған тыйым саны тағы артты. Енді журналист, диктор қыз-келіншектер де эфирге жүздерін жауып шығуы тиіс. Алайда ауған әйелдері «Талибанның» бұл талабына қарсылық білдіріп жатыр. Тіпті телеарналарда қызмет ететін ер адамдар да әйелдерді қолдап, эфирге маска тағып шықты. Осылайша тәліптер халықаралық қауымдастықтарға әйел құқықтарын сақтаймыз деген уәделерін тағы бұзып отыр. Бұған дейін олар қыздардың 6- сыныптан кейін білім алуына тыйым салып, әйелдерге қоғамдық орындарда көздері ғана көрінетіндей оранып жүруге бұйрық берген.

Дүйсенбі, 23 Мамыр 2022, 19:28

Соңғы шығарылымдар