Шымкентте перзентхана маңында болған жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қаланың қақ ортасында болған апаттан 3 адам ажал құшып, 7 адам ауруханаға түскен. Оларға көмек көрсетіледі, жарылысқа кім кінәлі? Өңірдегі тілшіміз Назерке Үкібасова тарқатады.
Еуропаны аяғынан тік тұрғызған маймыл шешегі ауруы Қазақстанға да келуі мүмкін. Денсаулық сақтау министрінің орынбасары осылай деді. Әзірге маймыл шешегінен емдейтін дәрі жоқ, бірақ вакцина вирустан қорғайды дейді дәрігерлер. Қауіпті дерт елімізге келсе, Қазақстанның денсаулық сақтау саласы қаншалықты дайын? Жалғас Зейнолла білді.
Елордалық ата-аналар «Арт спорт» платформасын қаржыландыруды тоқтатпасын деген талаппен қалалық әкімшілік алдына жиналды. Наразы топ Алтай Көлгінов мәселені біржақты етпейінше, ғимарат алдында тұрамыз деп бекінуде. «Балалар жылы» балалар болашағы үшін айқасып жүрген ата-аналармен әріптесіміз Аягөз Тұрсынбай тілдесіп қайтты.
Понедельник, 23 мая 2022, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.