Биыл жыл басынан бері 600-ден астам лауазымды тұлғаның жемқорлығы әшкереленді. Ел бюджетіне ұрланған 220 миллиард теңгеден астам қаржы қайтарылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов Президентке осылай деп есеп берді.
Жемқорлық фактісімен ұсталғандардың арасында бір вице-министр, екі судья, үш генерал бар.
Қарағандыда бес мыңға жуық бағбан тамшы су таппай тарығып отыр. Салдарынан бау-бақша бүр жармай, қурап жатыр. Оның үстіне коммуналдық қызмет тарифі де шарықтап кеткен. Халықтың мұңын тілшіміз Азамат Серікхан тыңдап қайтты.
Түркістан облысының тұрғындары ауыз су мен жайылым жерге жете алмай отыр. Аймақта жердің бәрі жекенің қолына өтіп кеткен. Мал бағып, күнін көріп отырған жұрт жанайқайымызға облыс әкімі Өмірзақ Шүкеев неге селт етпейді деп ашынады. Назерке Үкібасова ауылдағы ағайынның жағдайын көріп қайтты.
Вторник, 24 мая 2022, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.