АҚШ-та 18 жастағы қылмыскер мектепте 21 адамды атып тастады

АҚШ мектебінде қайғылы оқиға болды. Техас штатының Ювалде қаласында 18 жасар жігіт бастауыш мектептің 19 оқушысы мен 2 мұғалімін атып өлтірді. Қылмыскер оқиға орнына дереу жеткен полиция қолынан қаза болды. Қанды қырғынға дейін ол өз үйінде әжесін мерт қылған. Оның мұндай әрекетке не себепті барғаны әзірге белгісіз. Жергілікті биліктің дерегінше, қылмыскер қаруды өзінің туған күнінде сатып алған. Осылайша бұл АҚШ-та соңғы 10 күн ішінде болған екінші жаппай адам өлтіру оқиғасы. Мамырдың 14-де Буффало қаласында 18 жастағы жеткіншек азық-түлік дүкенінде 10 адамды атып өлтірген еді. Осыдан кейін АҚШ президенті Джо Байден қару сатып алу заңын күшейтуге тағы шақырды.

Сәрсенбі, 25 Мамыр 2022, 19:10

Соңғы шығарылымдар