Әуе рейстерін себепсіз кешіктіріп, жолаушыларға бір жұтым су беруге жарамайтын компанияларға жаза қатаңдатылатын болды. Енді олар 10 сағат емес, ұшақты 8 сағатқа кешіктірсе айыппұл төлейді. Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Қайырбек Өскенбаев діттеген жеріне уақытылы жете алмаған жолаушылардың талабы орындалатынын айтты. Жүгенсіз кеткен әуе компаниялары ұшақты кешіктірген әр сағат үшін жолаушыларға билет құнынан 3 пайыз өтемақы төлейді. Сондай-ақ, тамағын беріп, қонақүймен қамтамасыз етуге міндеттеледі.
Среда, 25 мая 2022, 19:09
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.