AIBAT қорытынды жаңалықтар | 25.05.2022

Автонесие төңірегіндегі дауға шенеуніктердің өзі кінәлі. Мәжілісмен Айқын Қоңыров «бағдарламаның нақты жұмыс жоспары болмаған соң, жоба басталмай жатып құрдымға кетті» дейді. Енді жауапсыздығы кесірінен Үкімет ел алдынға тағы да ақталуға мәжбүр. Айтуынша, автонарықтағы жағдайда мәз емес. Отандық өндіріс құлдырап, қызмет көрсету жағы ақсап тұр. Утиль алымның мәселесі де шешілмеді. Ал салаға жауаптылар қаржы жымқыру жағынан алдына жан салмайды деп ашынды.

Көкшетаудағы №2 мектеп оқушылары үшін бүгінгі соңғы қоңырау салтанаты, шын мәнінде, соңғы болуы мүмкін еді.  Мектеп оқушысы білім ордасына жарылғыш зат алып келген. Қолдан жасалған жарылғыштың мектепке қашан және қалай әкелінгені белгісіз. Лицей қызметкері нысанның ескі ғимаратында екінші қабаттағы терезенің алдынан кеше кешкілік күдікті затты байқап, дереу полицияға хабар берген.

Өндірісті дамытып, өзімізді өзіміз қамтамасыз етуге тырыспасақ, бір доллар 600 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін. Экономистер осылай дейді. АҚШ валютасының құлдырап, рубльдің қымбаттағаны алдамшы болуы мүмкін. Қаржы нарығының құбылуын әріптесіміз Жалғас Зейнолла байқады.

Сәрсенбі, 25 Мамыр 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар