AIBAT қорытынды жаңалықтар | 26.05.2022

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен сол кездегі оның орынбасары Олжас Әбішевке қатысты сот ісі басталды. Бұған дейін сот қылмыстық істі прокурорларға қайта қарауға беруден бас тартқан болатын. Сотталушылардың адвокаттары тағы да осындай өтініш жасады. Әріптесіміз Айя Мүтәлі сот барысын бақылады.

Шымкентте лифт ішінде балалы әйелге шабуылдаған азғын ұсталды. 22 жастағы жігіт қашып бара жатқан жерінен Шиелі станциясында қолға түсті. Ал, айдың күннің аманында баласымен келе жатып, зорлыққа ұшырай жаздаған келіншектің қазіргі күйі мәз емес. Сұмдық жағдайдан кейін әлі де ес жинай алмай жүрмін деген ол барлығынан үркіп қалғанын айтады.

Маңғыстауда жол апатынан зардап шеккен екі түлек ауыр халде жатыр. Бірінің жамбас сүйегі жарақаттанған, екінші жеткіншектің миына қан кетіп, өкпесі жасанды желдету аппаратына қосылған. Кешеден бері тәртіп бұзған түлектердің түрлі «трюктері» әлеуметтік желіде толып тұр. Мектеппен қоштастық деп мектептегі тәртіпті ұмытқан жеткіншектердің бұл әрекеттеріне енді кім жауапбермек? Әріптесіміз Аягөз Тұрсынбай біліп көрді.

Бейсенбі, 26 Мамыр 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар